Тұрғындар үшін жол мәселесі әрдайым өзекті. Ағымдағы жылдың маусым айында «АМАNАТ» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауының консультанты А.Аралбай, қалалық филиал төрағасы Б.Нарымбетов, партиялық бақылау комиссия төрағасы Ғ.Ташқараев, қалалық филиал атқарушы хатшысының орынбасары Е.Айтбаев, Қаратау ауданының әкімі Р.Мүлкеманов, аудандық филиал төрағасы, фракция жетекшісі Қ.Имашев, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ө.Қалыбаев Қаратау ауданы «Бозарық» тұрғын алабында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізген болатын. «Егемен Қазақстан» көшесінде болып, тұрғындарың жолды жөндеу мәселесі бойынша уәждерін тыңдап, алдағы уақытта мәселенің шешілетінін жеткізген еді.
Бүгінде Бозарықтағы Егемен Қазақстан көшесінің тұрғындары партия мүшелеріне ризашылығын білдіріп, қуануда.
— Партияға көп рахмет. 15 жылдан бері жолымыз реттеле алмаған еді. Жаңбыр жауған күні балалар мектепке, бақшаға баруы қиындаған соң, өзіміз тас төсеп те амалдадық. Енді міне асфальт жол төселді, — деп алғысын жаудырды тұрғын Жомартбек Найзатаев.
Айта кетейік, бұл мәселе ұсыныс-тілектерді ескерген партияның көшпелі қоғамдық қабылдау нәтижесі. Өткен жылы партия филиалының қоғамдық қабылдауына 9280 өтініш түсіп, оның 66 % оң шешімін тапқан болатын. #amanat