Өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, «Отан Қорғаушы» мамандығын кеңінен насихаттау, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін көтеру мақсатында Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің және бағынысты қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармаларының әскери қызметшілері мен балалары арасында ұйымдастырылған «Отан – отбасынан басталады», «Соғыссыз әлем» сурет салу өнер байқауы және «Әскери қызметшінің отбасындағы бақытты сәттер (әскери қызметшілердің балаларының көзімен)» әскери қызметшілердің балалары арасында Республикалық деңгейде өткізілген фотосуреттер байқауында ерекше талантымен көзге түскен Шымкент қаласы жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілерінің балалары Мадина Тілеулес Нурсалибидинқызы мен Нұрман Нұрайлым Серікқызының еңбектері жоғары бағаланып Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті басшылығы атынат арнайы сертификат табысталды, «Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай байқауға қатысушыларды марапаттау мерекелік шарада Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник А.Шегебаев марапаттап, бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. Әр тақырып бойынша жүлделі орындар тағайындалып, оларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Одан бөлек, бүлдіршіндер «Ең таңдаулы туынды», «Ғажайып туынды», «Ізденімпаз суретші», «Көрермендер көзайымы» номинациялары бойынша алғыс хаттармен марапатталды. Ал жүлдеге ілінбей қалған барлық қатысушыларға «Ынталандыру» ретінде тәттілер тарту етілді. Мерекелік шара Шымкент қалалық қуыршақтар мен жасөспірімдер театрының өнерпаздары ұйымдастырған қойылымға ұласты. Балалар жылжымалы «Кел бірге ойнайық» спектаклін тамашалады. Жылжымалы қуыршақтар театрының ұжымы аталған қойылым арқылы бүлдіршіндерді еңбексүйгіштік пен бауырмалдылыққа шақырды. Қойылымның әсерлі болғаны сонша, бүлдіршіндер спектакль аяқталғанда кейіпкерлерге тік тұрып, ерекше қошемет көрсетті. Іс-шарадан соң бүлдіршіндер ата-анасының жұмыс орнымен танысып, ерекше қуанышты екендерін, болашақта ел қорғайтын азаматтар болғысы келетіндерін айтты.