«Ауыл Аманаты» жобасы халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану арқылы ауыл экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге үлкен мүмкіндіктер беретін жоба.
Осы мақсатта бүгін, «АMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ауыл Аманаты» жобасы аясында ашылған ақпараттық қолдау орталығында «Ашық есік» күні өтті.
Аталған шараға «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы Мұхтар Кенжетайұлы, аудандық мәслихат депутаттары Т.Бердалиев, Қ.Бейсенбаев, Е.Альтаев, Ш.Бабаев, С.Эрназаров пен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі мен ауылдық округтердің жауапты мамандары қатысты.
Ашық есік күніне А.Қалыбеков, Иіржар, Жамбыл ауылдық округтерінің тұрғындарына өз ісін ашуға мүмкіндік бере отырып, халықтың табысын ұлғайтуға ықпал ететін «Ауыл Аманаты» жобасы кеңінен таныстырылып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«AMANAT» партиясының аудандық филиалы мен атқарушы органдар бірлесіп ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізетін болады.