2023 жылдың 16 мамырында Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы «Азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге әскери прокуратураның қызметкерлері, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры С.К. Адамбеков, Шымкент және Арыс гарнизондарындағы әскери бөлімдер мен мекемелердің басшылығы, әскери бөлімдерде өз қызметін жүзеге асыратын жеке шаруашылық субъектілері: «Продукт Сервис Компани» ЖШС, «Rivos» ЖШС, «Төребек» ЖШС, «Қуанышбекова А.» ЖШС, «Ларсан» ЖШС, «Бастау» ЖК, «Умаралива А.У.» ЖК өкілдері қатысты.
Аталған іс-шарада әскери бөлімдерде кәсіпкерлік қызметін іске асыру саласындағы проблемалық мәселелер талқыланып, нәтижеде бұл мәселелерді шешуге қатысты әскери бөлімдердің басшылығына ұсынымдар берілді.
Сонымен қатар, азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылын болдырмау мақсатында кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдарға олардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, Шымкент гарнизоны әскери прокуратурасының сенім телефондары жеткізілді.
Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы