Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 9 мамыр – Жеңіс мерекесіне орай қаладағы қарт майдангерлер Нина Мосунова, Абылай Қазбаев пен Мұратәлі Төлепбергенұлын шаңырақтарына барып, мерекемен құттықтады.
— Сіздердің жауға қарсы шыққан асқан ерліктеріңіз батылдық пен отансүйгіштіктің тамаша үлгісі. Бүгінгі бейбіт өміріміз бен ашық аспанымыз үшін Сіздерге қарыздармыз. Бізге осындай баянды бақытты сыйлаған сіздердің ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды, — деді қала әкімі.
ҰОС ардагері Нина Мосунова 1924 жылы дүниеге келген. 1942 жылы қазан айында әскерге өз еркімен алынып, майданда пулеметші болып жеңіске жетуге атсалысқан. Бүгінде ардагер 1 баланы тәрбиелеп өсіріп, 2 немере 5 шөберені сүйіп отыр.
Ал, Абылай Қазбаев 1925 жылы 1 шілдеде дүниеге келген. 1943 жылы әскер қатарына алынып, 3-ші Беларусь майданында, Латвия, Литва Кеннисбергдегі шайқастарға қатысып, жеңісті Берлинде қарсы алған.
Түлкібас ауданында 1925 жылы дүниеге келген Мұратәлі Төлепбергенұлы, 1943 жылы әскер қатарына алынған. Әскер қатарында болып, 1950 жылы жеңіспен елге оралған.
Айта өтсек, Шымкент қаласында бүгінде Ұлы Отан соғысының 3 ардагері тұрып жатыр. Биыл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан ҰОС ардагерлерінің әрқайсысына 360 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 1 242 000 теңгеден мерекелік төлем есепшоттарына аударылып,
сондай-ақ, қалада 2 183 тыл ардагерлеріне 12 АЕК
41 400 теңгеден төлемдер төленді.