Шымкент қаласы әкімінің елді-мекендерді инфрақұрылым жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстарын күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданы аумағында ағымдағы жылы ауқымды жұмыстар жүргізу жоспарлануда.
Мәселен, 2023 жылы аудан аумағындағы «Бозарық» саяжайында — 16 көше, «Тассай» тұрғын алабында – 18 көше, «Сайрам» тұрғын алабында – 9 көше, «Таскен» тұрғын алабында – 15 көше, «Қайтпас» шағынауданында – 6 көше, «Тұран» шағынауданында – 2 көше, «Достық» тұрғын алабында – 4 көшені асфальттау жұмыстары атқарылады.
Сонымен бірге, жолдарды жөндеу жұмыстары аудандағы 41 көшеге шағал тас төсеумен жалғасады. Аталған жұмыс көлемі «Тұран», «Бозарық», «Тассай», «Нұртас» елді мекендерінде жүргізілетін болады.
Сондай-ақ, «Сайрам» тұрғын алабында – 7 көше, «Нұртас» шағынауданында – 3 көше, «Қайтпас» шағынауданында – 6 көше, «Таскен» тұрғын алабында – 1 көше, «Мәртөбе» тұрғын алабында – 2 көше, «Тассай» тұрғын алабында – 1 көше, «Тұран» шағынауданында – 2 көше, «Мирас» шағынауданында – 2 көше толығымен жарықтандырылады.
Еске сала кетейік, көшелерді жандандыру жұмыстарымен бірге атау беру жұмыстары да қатар атқарылмақ. Оның ішінде аудандағы «Сайрам», «Тұран» елді мекендеріндегі атауы жоқ немесе атауы моральдық тұрғыда ескірген атауларға халқымыздың тарихи тұлғаларының есімі берілмек.