Биыл қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл. Осыған орай Мағжанның туған ауылы – Сарытомар ауылынан 7 сынып оқушысы Жасмин Қалдыбек қызымыз «Мен жастарға сенемін!» атты челлендж бастап, оны алғашқы болып `AMANAT` партиясының төрағасы Ерлан Жақанұлына жолдаған. Ақынның мерейлі датасын жерлестері қолдап, болашақ жас ұрпақ біздің балаларымыз насихаттағаны мен үшін қуантарлық жағдай. Мен осы челленджді әрмен қарай ақынның «Түркістан» атты өлеңімен жалғастырамын.
Жастарымыздың, балаларымыздың ұлт тарихы мен руханиятына деген құштарлығы бізді ерекше қуантады.
Эстафетаны Партияға беделді үлес қосқан, 20 жылға жуық еңбек еткен,Түркістан облысының құрметті азаматы Қалыйма Жантөреқызына жолдаймын!
#МағжанЖумабаев
#130жыл