Бүгін AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының фронт-офисінде «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» атты сайлауалды бағдарламаны талқылауға арналған кезекті жиын өтті. Басқосуға Шымкент қалалық маслихатына үміткерлер және партияның Шымкент қалалық және аудандық филиалдарының жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңестері мен Қоғамдық бақылау комиссияларының төрағалары мен мүшелері қатысты.
–Біздің партиямыздың мақсаты — әрбір азаматтың, әр отбасының өзін қауіпсіз сезінуін қамтамасыз ету. Ол үшін құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіруге, қоғамда құқықбұзушылыққа қарсы сананы қалыптастыруға ықпал етеміз. Біздің елімізде парақорлық бейәдептілік, арсыздық болып есептелетін қоғамдық сана орнауы тиіс. Бұл – заң үстемдігін орнатудың, әділетті қоғам құрудың негізгі алғышарты. Партияның «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» атты сайлауалды бағдарламасында азаматтардың құқықтарын қорғауды жетілдірудің нақты жолдары көрсетілген, – деді кездесу барысында AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов.
Айта кетейік, партия сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Біз жемқорлыққа қарсымыз», «Сауатты ұрпақ» және «Адалдық алаңы» секілді жобаларды тұрақты түрде жүзеге асыратын болады.
Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының
сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT»
партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.