«Рухтастар TRENDS» жастар форумында «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Қожамжарова Дария Пернешқызы, штаб мүшесі, партияның белсендісі Хашимжанов Икром Акрамұлы спикер ретінде қатысты.
«АМАNАТ» партиясы ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қоғамдық тірегі ретінде оның Әділетті Қазақстан идеясын жүзеге асыруға бар күш-жігерін бағыттай отырып, өзінің Бағдарламасын ұсынады. Оның ішінде яғни жастарға көп көңіл бөлінуде.
Бүгінгі таңда еліміздегі азаматтық қоғамның дербес, белсенді және жауапкершілігі мол бөлшегінің бірі – жастар және бұл сала мемлекет саясатының басты басымдықтарының бірі.
Шымкент қаласында жастардың белсенділігі мен әлеуетін дамыту үшін барлық жағдай жасалған.
Жастарды қолдау үшін «AMANAT» партиясы мен «Жастар Рухы» жастар қанаты жастардың табысын арттыруда;
жастардың әлеуметтік жобаларына жыл сайын 5 жобаға 5 000 000 теңге грант;
студент жастарға 1 000 орындық 5 жатақхана салынады;
16,2 мың жас жастар практикасына жолданады;
жұмысшы жастарға 900 пәтерден 3 жылда 2 700 пәтермен қамтылуына ықпал ететін болады.