Шымкент қаласы мен Бадам ауылында орналасқан әуе шабуылына қарсы әскери бөлімдерінің жеке құрамымен «Құқық бұзушылықсыз әскер» науқаны мен «Өмірді сақта» бағдарламасы негізінде өткізілген «Мен өмірді таңдаймын» декадасы аясында Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің офицерлері профилактикалық кездесу мен жеке сұхбат ұйымдастырылып өткізілді.
Кездесу барысында әскерилерге қызметтік жүктемені бөлу тәртібі, нарядқа түсу мерзімділігі, демалыс беру, ақшалай үлес мөлшері туралы түсіндірме жұмысы өткізілді.
— Көбінесе оқиғалардың негізгі себебі отбасылық-тұрмыстық проблемалар, қаржылық қиындықтар, сондықтан біз әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс істейміз, оларға қолдау көрсетеміз, кеңестер мен ұсынымдар береміз. Мұндай тәсіл отбасын нығайтуға, амандық пен өзара түсіністікті сақтауға ықпал етеді, — деп атап өтті әскери полиция өкілдері.
Ал, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің ұжымдарында социометриялық зерделеу жасалып, «көшбасшылар» мен «аутсайдерлер» анықталды. Олардың бөлімше командирлеріне әрі қарай жұмысты ұйымдастыруға қатысты ұсынымдар берілді.
Бөлімшелердің командирлері мен сержанттар құрамына өзіне-өзі қол жұмсаудың алдындағы негізгі белгілері түсіндіріліп, «Жауынгерлік дос» өзара қосарлы бақылау жүйесін ұйымдастыру бойынша сабақтар да өткізілді.
Сонымен қатар, әскери полици өкілдері қатысқан жеке құрамға ҚР Қылмыстық Кодексінің 18 тарауы әскери қылмыстық құқықбұзушылықтар баптары, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің баптарын толығымен түсіндірді.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі