Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы мен тұрақты комиссия төрағалары азаматтарды түрлі мәселелер бойынша қабылдады. Қабылдауға келген Тойтиева Турсынай, Сыздыкова Кенжекей, есімді тұрғындар тұрғын үй және жер мәселесімен жүгінді. Дәл осындай мәселе бойынша Керімкулов Артыкбай, Мелдебаева Ұлболған өтінішін жеткізіп, мәселе Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы мен Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы назарына ұсынылды.
Өз кезегінде тұрғындардың мәселесімен танысып, проблемаларды бірге талқылаған мәслихат төрағасы азаматтардың өтініштері әрдайым назарда болатындығын, сондай-ақ қабылдауға келген азаматадың мәселесі жіті бақылауда болтындығын жеткізді.