Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы өткізілді. Сессияны мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов ашып, күн тәртібіндегі 5 мәселені қарады.
Олар:
1. Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы №43/349-6с «Шымкент қаласының аумақтық сайлау комиссиясын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы №43/350-6с «Шымкент қаласының аудандық аумақтық сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы;
3. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы;
4. Шымкент қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі Шымкент қаласының округтік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы;
5. Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы №43/351-6с «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
Жиынға «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Т.Т.Мұқашев, Шымкент қаласының әкімі М.Д.Әйтенов, әкімдік мүшелері мен аудан әкімдері, «Шымкент қалалық мәслихат депутаттары бірлестігі» қоғамдық ұйымының төрағасы мен мүшелері, «Қоғамдық кеңес» мүшелері, қалалық және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелердің шешім жобалары алдын ала қала мәслихатындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қаралып,сессияда бір ауыздан қабылданды.