Халықтың қатысу бюджеті — қоғамның қатысуымен әзірленген және енгізілген бюджет. Қала тұрғындары үшін бұл өз бастамаларын жылжыту құралы және қалада болып жатқан өзгерістерді бақылау тәсілі, әкімдік үшін бұл қала аудандарының негізгі проблемаларын олардың тұрғындарының пікірлері негізінде түсіну мүмкіндігі.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында, тұрғындар ұсынысымен ағымдағы жылы Қаратау ауданы аумағында 26 балалар ойын алаңшалары құрылды.
Жаңа балалар ойын алаңшасының басым бөлігі «Тұран» шағынауданындағы 20 үй ауласына 9 алаңша, «Нұрсәт» тұрғын алабындағы 6 үй ауласына 3 алаңша, «Ақжайық» шағынауданындағы 11 үй ауласына 5 алаңша, «Асар» шағынауданындағы 7 үй ауласына 3 алаңша, «Шымсити» шағынауданындағы 10 үй ауласына 4 алаңша, «NewCity» тұрғы үй кешеніне 1 алаңша, «Асар-2» шағынауданындағы Жезкиік көшесі аумағына 1 алаңша салу жұмыстары жүргізіліп, нысандар тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді.
Бағдарлама шеңберіндегі жобалардың оң нәтижелері бүгінде халықтың тарапынан сенім мен қолдауға ие болып келеді. Осы орайда, Қаратау ауданы әкімі аппараты аудан аумағында 2023 жылға тұрғындардың ұсынысына сәйкес 62-ге жуық жобаны жүзеге асыруды жоспарға қойып отыр.
Еске сала кетейік, бағдарламаның талаптарына сәйкес екі апта ішінде жинақталған ұсыныстар аудан әкімдігі жанындағы «сараптамалық кеңеске» ұсынылады. Сараптамалық кеңес жобалар тізбесін іріктеп, дауыс беру үшін сайтқа орналастырады. Дауыс беру нәтижелері бойынша көп дауыс жинаған жобалар аудан әкімдігі арқылы аталған бағдарламамен жүзеге асырылатын болады.