Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов Шымкент қаласындағы №154 сайлау учаскесіне бүкіл отбасымен бірге келіп, дауыс берді.
Ол сайлауға қатысу ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір адамның азаматтық борышы екенін айтады.
—Біз бақытты халықпыз. Себебі, осындай кең байтақ жеріміз, бейбіт еліміз және егеменді мемлекетіміз бар. Бүгін сол мемлекетіміздің басшысын өзіміз таңдап жатырмыз. Сондықтан конституциялық құқығымды жүзеге асырып, дауыс беру үшін отбасыммен бірге сайлау учаскесіне келіп отырмын. Сайлауға белсене қатысып, өз таңдауын жасау — ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір адамның азаматтық борышы, — дейді Бахадыр Мәдәліұлы.
Айта кетейік, №154 сайлау учаскесінде 3 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Р. Хакимшикованың айтуынаша, таңғы сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 221 сайлаушы өз таңдауын жасап үлгерген.