Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» қоғамдық қоры құрылып, Республика бойынша көмекке аса мұқтаж жандарға 50 мың теңгеден үлестіріліп жатқаны баршаға белгілі. Акцияның бірінші кезеңінде Шымкент қаласы бойынша 21864 отбасы көмекке қол жеткізген.
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында тағы да 19 766 азаматтың жеке есеп шоттарына қордан 50 теңге аударылды. Осылайша, Шымкент қаласы бойынша 40 мыңнан астам отбасы «Birgemiz» қорынан қаржылай көмекпен қамтылды.
Ал аталған жәрдемақы келесідей 7 түрлі санатқа кіретін азаматтарға ғана тиесілі: Әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, бірінші, екінші топ мүгедектері, мүгедек бала күтімімен отырған жандар, зейнетақысы төмен және аз қамтылған зейнеткерлер, жетім балалар, ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілгендер және тыл еңбеккерлері.
Яғни, ел басына күн туғанда ешбір жан қиналып қалмасын деген ниетпен барынша тиісті көмектер беріліп жатыр.