Шымкент қалалық прокуратурасы құзырлы органдармен бірлескен «Заң керуені» акциясы Абай ауданында Жаңа талап елді мекеніндегі мәдениет үйінде өтті. Акцияда елді мекен тұрғындары өздерін мазалаған мәселелерін жеткізді.
Заң керуенінің құрамында Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары Н.Сейдалиев және атқару органдарының өкілдері бар.
Акция халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, өңірде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайтуды мақсат еткен. 1 қарашадан басталған республикалық акция аясында қалалық көшпелі топтың халықпен кездесуі жалғасады.
Кездесуде тұрғындарға мемлекеттік қызметтер, әлеуметтік көмектер, жәрдемақылар мен жеңілдіктерді алу, мүлікті тіркеу, салықтарды есептеудің дұрыстығы секілді мәселелердің шешімі бойынша сала мамандарынан заңнама шеңберінде тиісті кеңестер мен жауаптар берілді.
Акцияны өткізудің басты мақсаты — халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, өңірде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту.
Осы орайда, Қала прокурорының орынбасары Мухамеджан Бахтияр Мухамеджанұлы және қалалық уәкілетті органдардың жауапты өкілдерімен кездесуін өткізу жоспарлануда.
Кездесуде тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді, әлеуметтік көмектерді, жәрдемақылар мен жеңілдіктерді алу, мүлікті тіркеу, мұрағаттық анықтамаларды беру, салықтарды есептеудің дұрыстығы және т.б. өзекті мәселелерінің шешімі бойынша сала мамандарынан заңнама шеңберінде тиісті кеңестер мен жауаптарын алуға мол мүмкіндігі бар.
Еске сала кетейік, көшпелі топтың құрамы прокуратура, құқық қорғау мен жергілікті атқарушы, өкілді және мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының өкілдерінен тұрады.