Қонаев даңғылының 5 кезеңіндегі құрылыс жұмыстары Бадам өзенінен бастап Д.Қонаев даңғылы жалғысының 6 кезеңіне дейін аралықты қамтиды.
Құрылыс жобасы бойынша Д.Қонаев даңғылы 5 кезеңінің ұзындығы 4,6 шақырым, жолдың ені 23 метрді құрайды. Жолдағы салынып жатқан аяқжолдың ені 3 метрді құрайды. 6 қозғалыс жолағы бар. 5 кезеңнің жұмыс шеңберінде жол негізін әзірлеу, тас төсеу, суағарларды орнату, су өткізгіш құбырын орнату жұмыстары толығымен аяқталды. Қазіргі таңжа асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, құрылыс белдеуіндегі инженерлік желілерін ауыстыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Сонымен қатар, Д.Қонаев даңғылында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың бірі — тірек қабырғаларын орнату. Оның ұзындығы оң жағынан 1620 метрді құрайды. Сол жағынан 1689 метр. Биіктігі 0,6 метрден 14,25 метрге дейін.
Айта өтсек, Шымкент қаласында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 мың шақырымнан асады. Оның жартысынан көбі – асфальтбетон жолдар. Мың шақырымдайы – шағал тас төселген көшелер. Қалған 150 шақырымнан аса жолы топырақ. Жергілікті әкімдік 2022 жылдың соңына дейін асфальтбетон жамылғысы бар және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесін 67,4 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл межені орындау үшін қала билігі тиісті жұмыстарды қолға алып жатыр. Бүгінгі таңда мегаполистің 351 шақырым жолында жөндеу жұмыстары қызу жүргізілуде. Соның 67 шақырым жолы жаңадан салынады немесе қайта жаңартылады. Қалғаны бойынша орташа немесе күрделі жөндеу жүріп жатыр. Қала әкімдігінің жоспарына сәйкес асфальт жолдардың үлесі жыл сайын арта бермек. Мәселен, 2025 жылға қарай шамамен 80 пайызға жеткізіледі.Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, 2022 жылы жоспарланған 308 көшенің 190 көшесінде жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Барлық көшені жыл соңына дейін аяқтау жоспарда бар.