Бүгін ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб мүшелері мен сенімді өкілдері «Бал Текстиль» ЖШС-нің жұмысшыларымен кездесу өткізді.
Кездесуге Шымкент қалалық қоғамдық штабтың төрағасы Бахадыр Нарымбетов, «AMANAT» партиясының қалалық филиалының атқарушы хатшы орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, штаб мүшелері Бахтияр Жандарбеков, Мұхаммед Қырықбаев, Мақсат Абдукаримов мемлекеттік қолдаудың аясында бағдарламалармен таныстырды. Олар «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелерге кеңінен тоқталды.
«Президенттің саясаты мен іс-қимылы, бірінші кезекте, мемлекет мүддесін қорғап, ел тәуелсіздігі мен мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Халықтың қалауы да – осы! Қазақстандықтыр Әділетті Қазақстан құру идеясының төңірегінде бірігу қажет», — деді өз сөзінде Б. Нарымбетов.
Президент сайлауы біздің еліміздің бірлігі мен тұтастығының, азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн. Елімізге жаңа серпін әкеліп ғана қоймай, болашаққа нық қадам жасауға үлкен мүмкіндік береді.
Еліміздің тағдыры үшін аса маңызды саяси науқанда әрбір азамат сайлауға белсенді қатысып, өз дауысын беруі керек деп ойлаймын. Өйткені бұл науқан әр азаматтың өзінің тағдырына ғана емес, ел тағдырына да әсер етпек. Сондықтан әрбір азаматтың дауысы өте маңызды!,- деді жиналғандар.
Кездесуге қатысқан жұмысшылар алдағы сайлауда Халықтық коалиция атынан ұсынылған үміткер Қ.Тоқаевты қолдайтындарын жеткізді.
Орталық сайлау комиссиясы президент болудан үміткерлер арасынан осы сайлауға кандидат етіп ресми тіркегендер тізімінде алты адам бар. Қазіргі президент Тоқаевтан басқа екі кандидат зейнет жасынан асқан, тағы біреуінің жасы 2024 жылы толмақ. Тізімдегі екі кандидат әйел президент жанындағы әйел істері және отбасы-демография саясаты жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі.