Шымкент қалалық онкологиялық орталығының дәрігерлері осы күндері Астана қаласында өтіп жатқан «Онкологияға инновациялық технологияларды енгізудің тәжірибесі мен болашағы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми практикалық конференцияға белсенді қатысуда. Мамандар түрлі тақырыпта баяндама жасап, өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісуде.
Мұндай іс шаралардың дәрігерлер біліктігін арттыруда, сондай-ақ қатерлі ісікпен күресті нығайтуда маңызы орасан. Дүние жүзі елдерін алаңдатып отырған онкологиялық аурулармен тиімді күресу мақсатында ұйыстырылған іс шараға отандық дәрігерлермен қоса Ресей, Ундістан,Грузия ТМД елдерінің жетекші онколог мамандары қатысуда. Жергілікті дәрігерлер халықаралық конференцияда онкологиялық ауруларды емдеуде тың әдістермен танысып, медицинасы озық дамыған мемлекеттердің қолданысындағы заманауи тәжірибелерді меңгеруге мүмкіндік алып отыр.
Айта кетейік, Шымкент қалалық онкологиялық орталығының мамандары біліктіліктерін арттыруда шетелдік әріптестерімен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Мұндай тәжірибе алмасу шаралары қалада қатерлі ісік ауруларын алдын алуда, емдеуде оң нәтижелерін беруде.
Медицина мамандарының біліктілін арттыру мәселесіне келсек, алты ай ішінде 2 938 медициналық қызметкерлер шет елде және республика орталықтарында біліктілігін арттырған. Арнайы оқытудан өткен медицина мамандары арасынан қалада алғаш рет балаларға кеңес беру үшін он педиатриялық мобильді бригада құрылды. Бұл мобильді топ дәрігерлері тәуекел тобындағы балаларды уақтылы анықтау, оларды стационарлық емдеуге жіберу жұмыстарымен айналысады. Кадр тапшылығы – 76, негізгі қажет мамандар – неонатолог, реаниматолог, гематолог, иммунолог, сурдолог. Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы кадрларды қолдау мақсатында резидентураға оқуға 87 жолдану жоспарлануда.
Медицина саласындағы оң өзгерістерге келсек, қалалық онкологиялық орталықта онкогематология бөлімшесі ашылды, (пэт/кт) орталығы мен сәулелі терапия орталығында (пэт, кт) сызықтық үдеткіш апараттары орнатылды. (КТ және сызықтық үдеткіш қызмет көрсетуде, (пэт) қыркүйектен бастап қызмет көрсету жоспарлануда); 2022 жылдың 1 сәуірден бастап аурухананың базасында амбулаторлық коронароангиография және стендттеу қызметі көрсетілуде; Қалалық онкологиялық орталықта, №1 қалалық клиникалық ауруханада, қалалық клиникалық балалар ауруханада және Шымкент жүрек орталығында республикалық мамандарымен 8 мастер-класс өткізілді, оған 120 маман қатысты; Жедел медициналық жәрдем станциясында орталықтандырылған симуляциялық орталықта Халықаралық стандарттар бойынша 108 медициналық қызметкерлерге практикалық дәрістер өткізілді.