Күзгі ауа-райының күрт өзгеріп, жауын-шашынды болуына байланысты Шымкентте қауіпсіздік шаралары жіті бақылауға алынуда. Ал 25-26 қазан күндері жауын-шашын салдарынан Абай ауданнның бірқатар аумақтарында су басу оқиғалары тіркелді.
Нақтырақ айтар болсақ, 7 елді мекенде, 11 көшеде және «Қарасу» өзені арнасының суға толу жағдайлары орын алды.
Су сорғыштардың күйіп кетуіне байланысты Бекжан, Колостағы көпірлердің асты суға толды. Орын алған келеңсіздіктер дер кезінде жойылды.
Бұл жұмыстарға «Build Stroi» ЖШС арнайы 15 техника су тартатын және 30-ға жуық жұмысшы қызметкерлер және Төтенше жағдайлар департаментінің 2 су тартатын мотопомпа жұмылдырылды.
Қазіргі таңда тұрғын үйлерге су басу қауіпі жоқ. Аудан әкімдігі тарапынан су шаю орындары мен қауіпті аумақтарда арнайы кезекші бригадалар ұйымдастырылып, жағдай тұрақты бақылауда.