Шымкент қаласының Білім басқармасы Әдістемелік орталығының 2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 21 қазанында Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта білім беретін мектеп базасында «ICILS – компьютерлік және ақпараттық сауаттылығы халықаралық зерттеуі» тақырыбында информатика пәні мұғалімдеріне арналған оқыту семинары өтті.
Семинардың мақсаты: Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың жұмысқа және өмірге дайындықтарын бағалау, 8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылыктарын арттыру, халықаралық деңгейде ықпал ету және оқу жылында оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстыру.
Әдістемелік орталығы «Менеджменттік басқару және оқу процесін аналитикалық-талдау сараптау» бөлімінің информатика және робототехника пәнінің әдіскері Мөлдір Ахметқызы ұйымдастыруымен өткен семинар барысында ағымдағы жылдың сәуір айында өткен апробациялық мектептер бойынша «ICILS – халықаралық зерттеуіне» оқушыларға қолдау көрсету және дамыту жұмыстарының барысы туралы ақпараттар берілді.
Аталған шараға Абай ауданына қарасты білім беру ұйымдарының информатика пәні мұғалімдері қатысып, семинар соңында шебер ұстаздар өз ұсыныс, пікірлерін ортаға салды.
Білім саласы – негізгі жүйе құраушы сала. Қазір мегаполистегі 871 білім беру ұйымында 440 мыңға жуық тәрбиеленуші, оқушы мен студент оқиды. Бұл – әрбір үшінші шымкенттіктің осы жүйеге қатысы бар деген сөз.Жалпы қазір қала бойынша 31 800 педагог бар. Ал мектептерде 22 112 ұстаз жұмыс істейді. Қазіргі таңда кадрлық әлеуетті дамыту бойынша мұғалімдердің еңбекақысы кезең-кезеңімен жоғарылап жатыр. Сонымен қатар өзіне тән емес функциялар мен тексерулерден босату бойынша шаралар қабылданды. Және біліктілік арттыру курстарынан өткізіліп, шеберлік деңгейі бар педагогтар үлесі артып жатыр.