Биыл жыл басынан бері қаламызға 321 мың турист келген. Алайда үшінші мегаполис 1 күнде 1500 ғана шетелдікті қабылдауға қауқарлы. Сол себепті туристік орталықтарға қолдау көрсетіп, кәсіпкерлер санын арттыру өте маңызды. Осы орайда мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау механизмінен құлағдар ету үшін инвесторлармен бас қосу өтті.
Үшінші мегаполисте туризм саласын дамытушылардың басым көпшілігі жастар. Соның бірі осыдан екі жыл бұрын негізі қаланған «Жаке тау» туристік агенттегі. Олар 1 күнде 650 туристен тұратын Қазақстандағы ең үлкен тур ұйымастырған. Жас кәсіпкер алдағы уақытта да қаламызға пайдасы тиетін ерекше жобалар жасауды жоспарлап отыр.
Жақсыбек Қабылбай, «JAKE TAU” тур агенттігінің негізін қалаушы: «Осыған дейін бізге келген 15 мың туристің 95 пайзы қазақтар. Ал 5 пайызы шетелдіктер. Оның ішінде орыстар, қырғыз, өзбек қандастарымыз да бар. Біздің мақсатымыз шетелдіктерге қаламыздың көрікті жерлерін көрсету. Қазақилығымызды паш ету. Алда атқа мінудің пайдасын көрсететін жаң тур ашсаш деп жоспарлап отырмыз».
Ал қаламызда жастарды қолдауға арналған жаңа бастамалар қолға алынды. Туристік бағытта бизнестік нысан ашамын деушілерге 6 пайыздық несие қарастырылған. Заман талабына сай қонақ үй салған кәсіпкерге кеткен шығынның 10 пайызын субсидия ретінде мемлекет тарапынан қайтарып беру де көзделген. Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы мұның бәрі үшінші мегаполистегі туризмнің дамуына серпін беретінін айтады
«Елімізде алғаш рет биыл 1 қаңтардан бастап, кәсіпкерлерді қолдайтын жаңа жоба іске асырылып жатыр. Жалпы 7 мемлекеттік қолдау бар. 4-еуі жергілікті атқарушы органдарға тиесілі, ал 3-еуі республикалық деңгейде. Қазір 148 туристік орын бар. Олар 6500 туристі қабылдау алады. Туристер тарту үшін қазір бірнеше жоба жасап жатырмыз, олардың қаламыз үшін маңызы зор»,- деді Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров.
Кездесуде Шымкент қаласының туристік әлеуетін көтеруге атсалысқан кәсіпкерлердің басын қосып, жана жобалар таныстырылды. Сондай-ақ ел келешегі жастар жиналған бас қосуда Президент жолдауының маңызыдығы жайында да сөз қозғалды.
«Осында отырғандардың барлығы депутаттарды өздері таңдайды. Әркімге дауыс беруге құқық берілген. Таңдау жасағанда қателеспеу керек. Мемлекеттік атқару жүйесін қолға беріп отырған кезде әрбір азамат мүмкіндікті жіберіп алмау керек»,- дейді Шымкент қалалық «Мәслихат депутаттары» ҚБ төрағасы Еркін Сатқанбаев.
Айта кетейік қаламызға жыл басынан бері 321 мың турист келген. Оның 21 мыңы шетелдік. Жыл сайын тарихи шаһарды тамашалауға келушілер саны артып келеді. Сондықтан да туристік орталық иелерін ынталандыру үшін мұндай жиындарды өткізу дәстүрге айналған.
Мемлекет басшысы туризм саласына ерекше көңіл бөлу қажеттігін баса айтқан болатын. Бүгінде Шымкент қаласында дәл осы тарапта ауқымды жұмыстр атқарылуда.