«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалы Республика күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара аясында ХҚО қызметкерлері таңертеңнен бері клиенттерге Kazakhstan шоколады мен кәдесый ретінде жалаулар таратуда.
АЙта кетсек, Республика күні Қазақстанда 1992 жылдан бері тойланып келе жатқанымен, мемлекеттік мерекелер тізіміне тек 2001 жылы енгізілді. Республика күнін ел 17 рет тойлады. Тек 2009 жылдың сәуір айында «Мерекелер туралы» Қазақстанның жаңа заңына Республика күні енген жоқ. Бұл мерекені алып тастауға соншалықты бір маңызды себеп болған емес. Бертінге дейін шенеуніктер Республика күнінің маңызы одан кейін келетін Тәуелсіздік күнінен мысқал кем емесін ауыздан тастамайтын. Тек кейбір сарапшы бұл декларация Қазақстанның емес, Қазақ КСР-нің егемендігін жариялады деп есептеген болатын. Не керек, араға 13 жыл салып ел тарихындағы айшықты күн, Республика күні халықпен қайта қауышты.
Қызмет алушылар мемлекеттік рәміз атрибуты бар тәттілерді сыйға алуда. Іс-шара ел халқының бірлігін, алдағы ұлттық мерекені қолдау және отандастарымыздың патриоттық сезімдерін ояту мақсатында ұйымдастырылған болатын. Науқан бүгін кешке дейін жалғаспақ.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы алдағы демалыс күндерге Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесін жариялады. Айта кетері, 25 қазан Қазақстанда Республика күні аталып өтеді. Осыған байланысты азаматтар қатарынан үш күн демалады.
«ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар 23, 24 және 25 қазан күндері жұмыс істемейді», – деп хабарлады Азаматтарға арналған үкімет.
Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы кезекші ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар 24 қазан күні 09.00-ден 13.00-ге дейін ашық болады.
Сондай-ақ, ертең, 22 қазан – жұмыс күні екенін еске саламыз. Бұл күні ХҚКО-лар клиенттерді сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды.
26 қазаннан бастап азаматтар мемлекеттік қызметтерді әдеттегі жұмыс кестесі бойынша ала алады.