on7news.kz
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
on7news.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте ардагерлер 11 колледждің студенттерімен кездесті

21 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте ардагерлер 11 колледждің студенттерімен кездесті
0
SHARES
41
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Республика күнін мерекелеу қарсаңында қалада түрлі іс-шаралар өткізілуде. Солардың бірі Шымкент қаласының әскери-техникалық мектебінде өткен студенттермен кездесу болды. Кездесу Қарулы Күштердің ардагерлері, интернационалист жауынгерлер, чернобыльдықтар мен студенттердің қатысуымен өтті.
Колледж студенттері оқытушыларымен бірге әскери мектеп дәлізінде жиналды. Ұлдар мен қыздардың назары әскери қызметкерлер Қазақстандық әскери қызметшілердің қару-жарақ үлгілері мен заманауи киім үлгілері қойылған үстелдерге аударылды.

Армия қару-жарағымен танысқаннан кейін, Ақпан батыр атындағы №10 орта мектептің акт залында дәріс-әңгіме ұйымдастырылды. Кездесуде ардагерлер армияда қызмет етуден қорқудың қажеті жоқ, әскери адам, ең алдымен, өз отбасының қорғаушысы, ал армияда алған дағдылары оған өмірде де септігін тигізетінін айтты.

Сондай-ақ ардагерлер соғыс қимылдарына қатысу тәжірибесіне тоқталып, жігіттерді әрқашан Отан тыныштығы үшін – халықтың тыныштығы мен амандығын қорғауға шақырды. Отан алдындаборышын өтеудің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Іс-шараны қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы және білім басқармасының әдістемелік орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары подполковник Ринат Мадьяров атап өткендей, мұндай шаралар патриоттық тәрбиені нығайтуға септігін тигізеді.

— Жастарымызбен осындай кездесулер қажет, өйткені олар патриоттық рухты тәрбиелейді, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ оқушылармен әскери жоғары оқу орындарына түсу үшін кәсіптік бағдар жүргізіледі, — деді подполковник Ринат Мадьяров.

Айта кетсек, жастардың бойында патиттық сезімді оятатын іс шаралар шаһарда жалғасын табатын болады.

Tags: "Жас сарбаз3 мегаполисшымкентқорғаныс
Previous Post

Шымкент: Әскери бөлім қорытынды тексеріс тапсырды

Next Post

ФОРУМ "КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ" ПОДАРИЛ МОЛОДЕЖИ ПАТРИОТИЧЕСКИЙ ДУХ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        On7news.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде on7news.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



old.on7news.kz сайт ескі нұсқасы

        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 04.03.2020 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № KZ68VPY00020921 Электронды почта: on7news.kz@mail.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі