Шымкентте композитор Алмабек Мейірбековтің симфониялық шығармалары сүйемелденді. Опера және балет театрының ұжымы Алматы қаласынан арнайы оркестр шақыртып, концерт қойды. «Дала әуені» кешіне біздің арна түсірілім тобы да қатысып қайтты.
Жарқын ұлттық колорит. Композитор Алмабек Мейірбековтың туындылары сарапшылардың осындай пікірін алған. Классикалық туындылардан кем түспейтін симфониялық сазда автордың жанының бөлігі жатыр дейді орындаушылар.
«Дала әуені» кешіне арнайы шақырылған композитордың ұлы Шымкенттік театрға алғысын білдірді. Өз әкесінің жетістігін айтып, қазақ классикалық музыкасының өркендеуін тіледі.
Айта кетейік, Шымкенттегі опера және балет театры әлемдік классикадан бөлек, өз композиторларымыздың да туындыларын жарыққа шығарып жүр. Бұған дейін шығармашалық ұжым әлемдік классиктермен әріптестік байланыс орнатқан болатын.
Шымкент қаласында опера және балет театры әлемдік классиктермен әріптестік орнатып, шеберлік сабақтарын алуда. Бұл қалада опера өнерінің өркендеуі мен әрмен қарай дамуына ықпал етпек. Осыған дейін өнер ордасындағы оркесторға Италиядағы Карло Феличе театры қорының көркемдік жетекшісі, халықаралық опера байқауларының қазылар алқасының мүшесі Джузеппе Аквавива алғашқы шеберлік сабағын өткен болатын.
Әйгілі маэстро театрдың әлемдік деңгейге жетуін және әртістердің кәсіби біліктілігін арттыруды көздеген. Шара аясында театр солистері мен симфониялық оркестрі әлемдік деңгейдегі дирижермен бір сахнада өнер көрсеткен еді. Шымкент сахнасында әлемдік классика жетекшілері Дж.Россини, Дж.Верди, Дж.Пуччини, Г.Донецетти секілді композиторлардың шығармаларымен бірге Е. Брусиловский, М. Төлебаев және т. б. қазақ ұлттық операсы майталмандарының туындылары шырқалған.