Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу жастарды спортқа баулу мақсатында арнайы сала мамандарының қатысуымен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты — АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанып жастарды спортқа баулу.
Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков, Шымкент қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры Сәкен Құрбанбаев, ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы Назира Жүргенбаева, Серғали-Түркістан РҚБ, жоба үйлестірушісі Ержан Абуталиев, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Майра Садыкова, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы,Ушу-сандадан спорт шебері, Қазақстан Республикасының 8 дүркін чемпионы, кәсіпқойлар арасындағы Азия чемпионы Шахзод Ташполатов және Орта Азия медициналық колледжінің студенттері қатысты.
Кездесуде ЖИТС орталығының қызметкері кәмелетке толмағандар жастар арасында нашақорлық, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды ақпарт берді. Сонымен қатар есірткі қылмысына қарсы және қылмыстық жағдайлар бойынша сала мамандары жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға шақырды. Сөз соңында жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, кеңінен жауап алып, өзара еркін пікір алмасты.
Айта кетейік, жыл басынан бері 4 000-нан астам есірткі саудасымен айналысып келген сайт бұғатталып, одан бөлек дәріханаларда есірткінің орнын алмастыратын препараттардың дәрігердің рұқсатынсыз сатылғандары тәркіленген. Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша 300-ден аса есірткінің заңсыз айналыммен қоса, түрлі құқық бұзушылығы анықталды.