Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, аталған қылмысқа қарсы күресті күшейту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Үздік шығармалар» байқауын жариялады.
Байқаудың мақсаты — қоғамдағы орта буын өкілдері мен жастарды ынталандыру, патриоттық сезімдерін нығайту. Шығармашыл адамдарды анықтап және оларды қолдау арқылы әлеуетін арттыру.Сайысқа қатысудың негізгі шарттарына сәйкес, үміткер ҚР азаматы болуы тиіс. Конкурсқа қатысушыға қажетті құжаттар мен шығармалар үлгісіне жеке куәлік көшірмесі болуы шарт. Сонымен қатар, шығарма 2 беттен кем болмауы (Times New Roman– 14 шрифтімен жазылуы) қажет. Барлық құжаттар мен шығармалар 2022 жылдың 10-қазан айына дейін auezov.jastary@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады. Ал байқаудың нәтижесі 2022 жылдың 15-қазан айында белгілі болады.
Иә, қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді.
Бүгінде сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
Шымшаһарда жемқорлық дертін жою мақсатында атқарылып жатқан іс жетерлік. Жарияланған бұл ба қауда жастарды жемқорлықты жоюға насихаттау болып саналады. Айта кетсек, сайыс жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі 2022 жылдың 20-қазан айында өтеді деп жоспарланған. Қазылар алқасы 1-ші, 2-ші, 3-ші орындарды анықтап, оларды дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапаттайтын болады.