«Тәрбиелі, білімді, алғыр әрі дені сау ұрпақ – еліміздің ең қымбат байлығы. Жастардың оқуымен қатар, спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің басты міндеті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне аса назар аударды.
Осы орайда, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласына жаңадан қосылған және шалғай орналасқан аумақтардағы тұрғындарға арналған «Құқықтық сауаттылық, өмірлік маңызды дағдылар және спорттық сайыстар» жобасы аясында жастар арасында спорттық ойындардан (волейбол, үстел тенисі, кіші футбол шахмат) турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Шараға Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Шотанов Мұратжан Шүкірханұлы, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Амангелдиев Досалы Жайлауұлы қатысып, жастарды үнемі спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Жобаға қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Шараның мақсаты -шалғай елді мекендерде жастарды дене шынықтыру және спортқа тарту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорт түрлерін оқушылар арасында насихаттау, студенттер арасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресті насихаттау болып табылады.