Қазіргі таңда Шымкент қаласында көмірге қажеттілік 66 мың тоннаны құрауда. Алайда, жақын маңда орналасқан елдімекендердің де қысқы отынды қаламыздан келіп алуын ескерген жөн. Осы кезге дейін шаһарға 116,1 мың тонна көмір тасымалданды. Қоймаларда 25 мың тонна көмір бар.
1 тонна көмірдің бағасы 14 750 — 15 100 теңге аралығында сатылымда екенін хабарлаймыз!
Құрметті қала халқы!
Қыс — қыр астында. Қыркүйек айының соңы да таяп қалды. Осы сәттен бастап, жылыту маусымына қамданыңыздар.
Күн суығанда азаматтардың көмірді жаппай сатып алуы көбейеді. Кезекке тұрып, күнұзақ күтіп қалуыңыз бек мүмкін. Мұндай жағдай орын алмауы үшін осы сәттен бастап тұрғындарды көмір алуға шақырамыз.
Шымкенттіктер биыл көмірді 7 жерден сатып ала алады.
- ЖК «Пернебаев» — Қызылсай темір жол станциясы
- ЖК «Құралбаев» — Қызылсай темір жол станциясы
- «Азамат Мұнай» ЖШС — Қойкелді батыр көшесі, номерсіз
- ЖК «AVZ-NRADE» — Сайрам тұрғын алабы, Яссауи көшесі, 650
- ЖК «Arganat» — Клара-Цеткина көшесі, 159
- «VIP-M» ЖШС — Қойкелді батыр көшесі, номерсіз
- ЖК «Қошжанов» — Момынов көшесі, 26
Байланыс нөмірлері:
54-96-54
8775 833 31 38 (Әл-Фараби ауданы)
53-03-20
87071638292 (Абай ауданы)
43-31-09
8702 670 33 00 (Еңбекші ауданы)
77-46-18
8771 828 40 74 (Қаратау ауданы)
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылыту маусымында 212 889 мың текше метр газ жұмсалған, оның ішінде жылу қажеттілігіне 81 130 мың текше метр газ тұтынылса, өткен маусымда 96 407 мың текше метр пайдаланылған болатын.
Шымкент қаласында жылу беру маусымында 56 өрт оқиғасы тіркеліпті. Өткен жылыту маусымында (2020-2021 ж.ж.) олардың саны 61 болып еді. Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мадияр Жақсыбаев өрттің шығуының негізгі себебі қондырғыларды орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау екенін айтады. Сонымен қатар, электр жабдықтарын, пештер мен мұржаларды пайдалану кезінде, өрт қауіпсіздігін бұзу. Өрт оқиғалары негізінен жеке тұрғын үй секторында тіркелген.
–Айта кетейік, ағымдағы жылыту маусымында көмірқышқыл газымен уланудың бірде-бір оқиғасы тіркелген жоқ. Дегенмен табиғи газбен уланудың бес жағдайы тіркелді. Салдарынан алты адам қаза тапты, оның екеуі бала. Бір адам зардап шекті. Өрт пен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында қызметкерлер тұрғындармен үнемі кездесулер өткізіп, тұрғын үйлерді аралап, учаскелік полициямен, газ қызметі қызметкерлерімен бірлесе отырып, рейдтер, өрт қауіпсіздігі айлықтары мен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жылыту маусымы басталғалы 24 цифрлық телеарнада көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу бойынша аудиороликтер күніне екі рет көрсетіліп келеді.