Шымкент қаласы орталығынан шалғай жатқан елдімекендердің ішкі жолдарын жөндеу жұмыстыры қарқын алған.
Бүгін қала басшысы М. Әйтенов Алтынтөбе тұрғын алабындағы Өтебай, Жамалов және Нұрлыбай көшелеріне асфальт төсеу жұмыстарын текстерді.
Үш көшеге орташа жөндеу жұмыстарына арналып әзірленген сметалық құжаттамаға сәйкес, ұзындығы 1,0 шақырым Жамалов, Нұрлыбай көшелеріне 0,4 шқ құрайтын Өтебай көшесіне асфальт қабатын төсеу жұмыстары атқарылды.
Қала әкімі, жұмыстардың бекітілген стандарттарға сәйкес тексеру жұмыстарынан кейін қабылданатынын атап өтті.
Айта кетейік, тұрғын алаптағы тас жолдарды асфальттау жұмыстары Шымкент қаласының 2025 жылға дейінгі даму жоспарына сәйкес жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласында алдағы жылдары қанағаттанарлық автомобиль жолдарының үлесі 80 пайызға артады деп бұған дейін де жазғанбыз. Бұл көрсеткішке жету үшін 2025 жылға дейінгі көлік инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспары бекітілген. Осының негізінде жалпы 563 жоба қарастырылған. Кешенді жоспар аясында биыл шаһарда 348 шақырым жол жөндеу жүргізіліп, жыл соңына дейін оның 271 шақырымнан астам жол пайдалануға беріледі. Қалған жолдың құрылысы келер жылға өтпелі. Жыл қорытындысымен қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 67,4 пайызға артады. Жалпы қала аумағында 187 нысанда жол жөндеу жұмыстары жүргізілсе, оның 164-де орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде Мангельдин, Тоқаев, Жолан батыр, Ақназар хан, Клара Цеткин, Республика, Рысқұлов, Іляев, Тәшенов, Дулати көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Он магистральды көшенің төртеуі жаңа, алтауы өткен жылдан өтпелі құрылыстар. Айта кетейік, жол құрылысы саласында өткен жылы орталық көшелердің құрылысына басымдық берілсе, осы жылы ішкі орамдық көшелерді жөндеу қолға алынып отыр. Сондай-ақ, қалада биыл 122 шақырым жолға шағал тас төселеді.
2022 жылға 400 шақырым жол таңбасын сызу жоспарланған, бүгінгі күні шамамен 300 шақырым жол таңбалары сызылды. Көлік кептелісін тудырмау мақсатында аталмыш жұмыстар түнгі уақытта жүргізіледі.