Тоғыс елдімекенінде 15 000-нан астам халыққа қызмет көрсететін «Togus-med медицина орталығы» — жеке инвестиция есебінен ашылуда.
Нәтижесінде медициналық қызметпен қамтылатын елдімекендер — Тоғыз, Елтай, Жыланбузған, Маятас, Айнатас. Орталықтың бір ауысымдағы сиымдылығы — 200 адам.
Мұнда бастапқы әлеуметтік-медициналық көмекпен бірге, (ересектер мен балаларға)
ЖТД, педиатрия, акушер-гинекология, хирургия, травматология, кардиология, эндокринология, онкология, урология, гастроэнтерология, ЛОР, офтальмология, стоматология, ревматология, профпатология, неврология, дерматовенерология;
— Медициналық реабилитация және физиотерапия, емдік физкультура, массаж;
— Диагностикалық қызметтер: Рентген, флюрография, УЗИ, ЭКГ, ЭЭГ, Холтер, Спирография, Лаборотория;
— Күндізгі стационар болады.
Рентген, флюрография, УЗИ, ЭКГ, ЭЭГ, холтер, спирограф тағы да басқа заманауи аппараттармен жабдықталады.
Жаңа емханда ашылғанда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің тиімділігі жақсарып, пациенттер уақтылы, толық және сапалы тексеру және амбулаториялық немесе күндізгі стационар жағдайында ем қабылдайтын болады.
«Медициналық орталық бұл елдімекендерге жақын орналасқан. Қалаға әуре болмай-ақ қызметтің басым бөлігін осында алуға болады.
Бұл өз кезегінде халыққа сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігін арттырады»-деді шаhар басшысы.
Айта кетейік, денсаулық сақтау саласының 2022 жылғы 6 айдағы көрсеткіштеріне назар аударсақ, атқарылған жұмыстар көңіл көншітерліктей. Денсаулық сақтау басқармасының ведомствалық бағынысты 33 медициналық ұйымы бар. Оған 12 емхана, 15 аурухана, 6 басқа да ұйым кіреді. Олар – диагностикалық орталық, медициналық колледж, қан орталығы, ЖЖС, балалар үйі және ЖИТС орталығы. Қалада тәуліктік 4 125 төсектік орын болса, күндізгі стационар 1 959 төсектік орынмен жабдықталған. Бүгінгі таңда қалада
4 760 дәрігер қызмет етеді. 10 мың халыққа шаққанда дәрігер саны 42,1-ді құрайды. Сонымен бірге 10 мыңнан астам орта буын медицина маманы қызмет көрсетеді. Олардың үлес салмағы 10 мың халыққа шаққанда 92,8-ге тең.
Шымкент қаласының тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 4 жаңа – №14 Емдеу орталығы, «Дария Медикус», «Саби Мед» және «Турлан Медикал» деп аталатын медициналық орталықтар ашылып, 50 мың халықты медициналық қызметпен қамтамасыз етуде. Сонымен қатар бір дәрігердің жүктемесі 1 616-ға дейін төмендеді. Ал жоспар бойынша 1 700-ден аспау қажет.