Болат Өтемұратов Қоры Шымкент қаласының білім басқармасымен бірлесіп, Jas Leader Akademiiasy жобасын 2021-2022 оқу жылы 25 мектепте пилоттық жоба ретінде бастаған болатын. Бағдарлама 5 жылға жоспарланған. Бағдарламаның мақсаты – мектеп оқушылары арасында көшбасшылық қабілеттерді қолдау және дамыту, балаларға болашақта бәсекеге қабілетті маман болуға, өзі және айналасындағы адамдар және өз елі үшін жауапкершілік алуға көмектесетін бірегей қосымша білім мен дағдыларды — қарым-қатынас дағдыларын, көпшілік алдында сөйлеу, уақытты жоспарлау және басқаруды меңгертуді және өзіне деген сенімділікті дамытуды көздейді.
Жобаға 25 мектеп, 50 мұғалім-тренер, 7000 оқушы қамтылған. Бағдарлама бойынша оқу жылы барысында — аптасына бір рет факультатив сабақтар, айына бір рет біркүндік тренингтер, тоқсанына бір рет шағын конференциялар және жазғы каникул кезінде Алматы қаласында бір жылдық қорытынды форум өткізіледі.
2022 жылдың 7-11 шілде аралығында Алматы қаласы, «ТАУ-САМАЛ» сауықтыру орталығында өткен Көшбасшылар Форумында Шымкент қаласы бойынша 2021-2022 оқу жылы «Jas Leader Akademiiasy» жобасымен жұмыс жасаған 25 мектептің жұмысы қорытыланды.
Қорытынды бойынша:
N23 және N46 мектеп-лицейлері 1 млн теңгелік сертификат ұтып алса, N7 IT мектеп-лицей мұғалімі Сейтбекова Гүлнұрға, N9 ІТ лицей мұғалімі Байжұманова Бақытқа,N46 мектеп-лицей мұғалімі Халбаева Дарихаға ноутбуктар табысталды.
2021-2022 оқу жылында Jas Leader Akademiiasy жобасын сәтті жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы Болат Өтемұратов Қорының директоры М.Т.Айтмағамбетовтың арнайы алғыс хатымен марапатталды.
Марапатыңыз құтты болсын Жанат Арысбекқызы! Шымкенттік білім алушылар білім көкжиегінен көрінсін!