on7news.kz
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
on7news.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ШЫМКЕНТ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ПІКІРСАЙЫС КАБИНЕТІ АШЫЛУДА

15 сентября, 2022
in Білім
0
ШЫМКЕНТ МЕКТЕПТЕРІНДЕ  ПІКІРСАЙЫС КАБИНЕТІ АШЫЛУДА
0
SHARES
235
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

“Оқушылар мен студент жастар дебаттық қозғалысы” жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру, Өңірлік мектеп және студенттік пікірсайыс қозғалысы (колледждер) лигасын қолдау, насихаттау, жас пікірсайысшыларға жайлы орта қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №137 жалпы орта білім беретін мектебінде дебат кабинеті ашылды. Арнаулы кабинеттің ашылу салтанатына “Жастар ресурстық орталығының”Абай ауданы бойынша жастармен жұмыс жүргізу бөлімі басшысы Ертаев Көмек Ережепұлы, білім басқармасының қосымша білім беру оқу салалық орталығы директорының у.м.а Ахметбекова Гулнар Сатыбалдықызы, орталықтың бөлім басшысы Сүлейменова Гүлмайра Әлімханқызы, мектеп ата – аналар комитетінің төрағасы Тілешов Бегалы Құралбекұлы, қамқоршылық кеңестің төрайымы Ерназарова Ботагөз Сайфуллинқызы қатысты.

Бүгінгі таңда аталмыш мектепте жұмыс жүргізіп отырған “Ақиқат ұшқыны” дебат клубы мүшелері “БП әлеуметтік желінің пайдасынан зияны көп д.е.”қарары тақырыбында көрсетілім ойынын көрсетті. Өткен оқу жылында пікірсайыс клубы үздіктері аудан, қала деңгейінде жоғары көрсеткіштерге жеткен болатын. 300-ге жуық пікірсайысшылары бар клубтың арнайы кабинетпен жабдықталуы жас өрендердің дебат ойынына деген ұмтылысын арттырды. Жиын соңында мектеп ата – аналар комитетінің төрағасы Тілешов Бегалы Құралбекұлы дебат ойыны- тіл жүйріктерінің өнер жарысы, сөз сайысы екендігін айта келе, жас пікірсайысшыларға сәттілік тіледі.

“Ана тілің -арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!- деп дебат сүйер қауымға арнау оқыды.Алдағы уақытта мектеп өрендері пікірсайыс әлемінде биік шыңдарды бағындырады деген сенімдеміз!

Айта кетейік, дәл осындай кабинет Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясында да ашылды.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ӘКІМ ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС САПАСЫН ТЕКСЕРДІ

Next Post

ШЫМШАҺАРДЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА 100-ДЕН АСТАМ ҰСЫНЫС ТҮСКЕН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        On7news.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде on7news.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



old.on7news.kz сайт ескі нұсқасы

        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 04.03.2020 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № KZ68VPY00020921 Электронды почта: on7news.kz@mail.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі