20 қыркүйек күні Шымкент қалалық өзбек драма театрының жаңа ХХ театр маусымы ашылды. Театр ұжымы өзбекстандық танымал режиссер Сайфиддин Мелиев сахналаған «ТАНОВОР» арт этно фольклор тамашасы көрермен назарына ұсынылды.
Қойылымда қоғам екі түрлі элементтен тұрады: материалдық және рухани. Сондықтан әлемнің өркендеуі үшін үйлесімді дамыған қоғам құруда адам факторы өте маңызды.
Шаходат Исаханованың «Тановор» шығармасы осы тақырыпқа арналған. Оқиға қыз-келіншектердің тігіншіге келіп, әңгіме дүкен құруынан басталады.
Пьесада адамзаттың әлемдік мәдениетке ұмтылу процесі күшейіп, өз ұлттық мәдениетінен алыстап бара жатқан бір уақытта ұлттық дәстүрлерді, тағдыр, дін, адалдық және әділеттілік сияқты адами қасиеттерді үлгі етеді. Жақсылық пен жамандық, тәкаппарлық пен кішіпейілділік, адалдықтың таразысында біздің батыл, қарапайым және мейірімді замандас-тарымыздың бай рухани әлемі біздің көз алдымызда бейнеленген. Спектакльде ялла, лапар, жар-жар өлеңдері шырқалды.
Салтанатты кеште театр директоры Мирвахид Миразизов сөзге шығып көрермендерге алғысын білдірді. Қойылым соңында ATLAS TRAVEL AGENCY» агенттігінің директоры Султонмурод Халмуратұлы және Абдураим Худойбергеновтар демеушілік танытып, көрермендерге сый-сияпаттарын табыстады.
Маусым ашылуына Шымкент қаласының зиялы қауым, БАҚ өкілдері және мектеп мұғалімдері, өнер ұжымдарының қызметкерлері қатысты. Зиялы қауым өкілдері театр ұжымына өздерінің жылы лебіз тілектерін білдірді.
Айтпақшы, Шымкент қалалық опера және балет театры да 15-ші маусымын бастады. Жаңа маусым Тасқын жармүұқаметтің «Домалақ-Ана» операсымен ашылды. Аталмыш қойылым екі күн қатарынан сахналанды. Осы қойылыммен театр шмылдығы әр маусымда түрлетінін өнер сүйер өауым жақсы біледі.