2022 жылдың 19 қыркүйек күні Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Әскери-патриоттық сананы қалыптастыру, Отан алдындағы міндетті өтеуге шақыруды насихаттау, жастарды әскери-техникалық білімге және техникалық шығармашылыққа баулу бойынша №45 мектеп-гимназиясында оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Қарулы күштері ардагерлер қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Халмұратов Реимбай Машарапович, «Жас сарбаз» Республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Сабит Еркін Бауыржанұлы, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері ардагерлер қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Елубаев Қуатбек Елубаевич пен «Байтерек» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қонысбеков Роллан Төреханұлы қатысып, әскери өмірдің қыр-сырлары, патриоттық ұғымдар бойынша түсініктемелер берілді. Кездесуде оқушылардың көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауаптар берілді.
Қазіргі уақытта «Жас сарбаз» қозғалысының филиалдары еліміздің барлық өңірлерінде ашылды. Қозғалыс қызметінің арқасында ағымдағы жылы әскери-патриоттық клубтардың саны 6198-ге дейін өсті, ал қамту 179 224 баланы құрады.