Бұл туралы қалалық ТЖД бастығы, полковник М.Жаксибаев шаһар басшысы М.Әйтеновтың алдында есеп беру кезінде мәлімдеді.
Мадияр Есенгелдіұлының айтуынша, соңғы 8 айда 131 өрт тіркеліп, 1 адам қаза тапса, 2 адам жарақат алған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 13%-ға өскенін көрсетеді.
Анықталғандай, статистикалық мәліметтер негізінде мұндай немқұрайдылықтың негізгі себептері қала азаматтырының қоқысты жинап жағу, сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастау, балдардың отпен ойнауы, шыны ыдыстарды құрғақ шөпке тастап кету болып табылды.
Жалпы Шымкент қаласының 83% газбен жабдықталған. Бұл ретте халықтың улы және табиғи газбен улануымен байланысты жазатайым оқиғалардың ықтималдығы жоғары. Өткен жылу беру маусымында тұрғын үйлерде 56 өрт тіркелген, материалдық шығын 86 млн. теңгені құрады. Табиғи газбен улану бойынша 4 жағдай тіркелді, нәтижесінде 3 адам қайтыс болып, 1 адам жарақат алды,-деді қалалық ТЖД бастығы М.Жаксибаев.
Алдағы жылыту маусымында қауіпсіздік шараларын барынша сақтап, қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін М.Әйтенов құзырлы мекемелерге тиісті тапсырмалар жүктеді. “2022-2023 жылдардағы жылу беру кезеңінде тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу” іс-шаралар жоспары бекітіліп, орындалуы бақылауға алынды.
Естеріңізге сала кетейік, 2021-2022жылыту маусымында Шымкент қаласында 56 өрт оқиғасы тіркеліпті. Өткен жылыту маусымында (2020-2021 ж.ж.) олардың саны 61 болып еді. Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мадияр Жақсыбаев өрттің шығуының негізгі себебі қондырғыларды орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау екенін айтады. Сонымен қатар, электр жабдықтарын, пештер мен мұржаларды пайдалану кезінде, өрт қауіпсіздігін бұзу. Өрт оқиғалары негізінен жеке тұрғын үй секторында тіркелген.
Айта кетейік, ағымдағы жылыту маусымында көмірқышқыл газымен уланудың бірде-бір оқиғасы тіркелген жоқ. Дегенмен табиғи газбен уланудың бес жағдайы тіркелді. Салдарынан алты адам қаза тапты, оның екеуі бала. Бір адам зардап шекті. Өрт пен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында қызметкерлер тұрғындармен үнемі кездесулер өткізіп, тұрғын үйлерді аралап, учаскелік полициямен, газ қызметі қызметкерлерімен бірлесе отырып, рейдтер, өрт қауіпсіздігі айлықтары мен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жылыту маусымы басталғалы 24 цифрлық телеарнада көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу бойынша аудиороликтер күніне екі рет көрсетіліп келеді.