Шымкенттік медицина мамандары мемлекет басшысы жариялаған жолдауына қатысты пікір білдірді. Маңызды құжатты талқылау жиынына қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен мемлекеттік медицина ұйым басшылары, саясаттанушылар қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Шараға қатысушылар сөзінше, бейінді дәрігерлерді дайындап, денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру аса маңызды шешім.
Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек. Мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін тиімді пайдаланған жөн деді мемлекет басшысы. Бұл бағытта Шымкент қаласында биыл жеке инвесторлар есебінен төрт бірдей медициналық орталық ашылды. Сондай-ақ 2022 жылға қосымша 5 медициналық ұйымға халықты тіркеу бойынша өңірлік перспективалық жоспарға енгізілген. Нәтижесінде халықты дәрігермен қамтамасыз ету көрсеткіші жоғарылаған.
“Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасында медициналық қызметтер көрсетуге 129 Денсаулық сақтау субъектісі бар. Оның ішінде Мемлекеттік – 30 , жеке-97.
Жеке инвесторлардын есебінен 2022 жылда жаңа 4 медициналық ұйымдар ашылып, 50 мың халыққа қызмет көрсетуді бастады.
2022 жылға қосымша 5 медициналық ұйымға халықты тіркеу бойынша өңірлік перспективалық жоспарға енгізілді (№6 қалалық емханасынан 3,4 мың халық «ASEM MEDICAL» ЖШС-не, «QAMQOR» ЖШС 8,5 мың халық «Өркенмед» ЖШС-не, №10 қалалық емханасынан 3,4 мың халық «Imperium» ЖШС-не, №2 қалалық ауруханасының 10 мың халық «КАМЕЯ pfarm Group» ЖШС-не, №1 қалалық емханасы мен «№14 емдеу орталығы» ЖШС-нен 5 мың халық «Ер-Ана» ЖШС-не).Үкіметке денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік сапаны қаржыландыру жүйесін қайта қарауды тапсырылды. 2022 жылға шарттар жасалды 393 медициналық көмектің жоспарланған көлеміне. Жасалған шарттардың сомасы 96,2 млрд.теңгені құрады, оның ішінде: Тегін кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде – 54,4 млрд. теңге, МӘМС жүйесінде – 41,7 млрд. теңге, былтырмен салыстырғанда 8 пайызға өсті”-дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова.