Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясында жаңа 2022-2023 оқу жылындағы алғашқы педагогикалық кеңесі «Мектепті дамытудың басты негізі- құндылықтарға негізделген сапалы білім» тақырыбында өтті.
Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде: Педагогикалық ұжымның 2021-2022 оқу жылының оқу – тәрбие жұмысының қорытынды есебі мен жаңа 2022-2023 оқу жылының оқу-тәрбие жұмысының міндеттері мен негізгі бағыттарын айқындау, мектептің өндірістік жоспарын бекіту; 2022-2023 оқу жылындағы ҚР жалпы білім беретін ұйымдарындағы әдістемелік нұсқаулықтағы ерекшеліктерімен таныстыру; Нормативтік құқықтық құжаттармен таныстыру; Жалпыға бірдей Білім Заңының орындалуы. Жетім, жартылай жетім және жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету; Мектеп қызметкерлерін қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойынша 2021-2022оқу жылындағы нұсқаулықтармен таныстыру; Ауысым бойынша сынып комплектілерін реттеу, оқу кабинеттерін бекіту, жауаптыларды тағайындау; Ішкі тәртіп ережесін бекіту жіне де жыл бойы негізге алынып жүргізілетін құжаттармен таныстыру және бекіту мәселелері қаралды.
- Педагогикалық ұжымның 2021-2022 оқу жылының оқу – тәрбие жұмысының қорытынды есебі тыңдалып, жаңа 2022-2023 оқу жылының оқу-тәрбие жұмысының міндеттері мен айқындалған негізгі бағыттары бойынша атқарылатын ауқымды іс-шаралар мен жобалар таныстырылды. Мектепті дамыту жоспарында айқындалған басым бағыттар бойынша атқарылатын ауқымды жұмыстар мен жобалар таныстырылды. Солардың бір қатарына тоқтала кетсек: «Зерттеуші мектеп» аясында «Сабақты зерттеу» мен «Іс әрекеттегі зертеу» бойынша педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруда «LS» Сабақты зерттеу» топтары .«Проблемалық оқыту — мұғалім тәжірибесінде, Тәжірибе алаңы: «Дарынды оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамытудың тиімді тәсілдері — STEAM» жобалары жүзеге асатынын,
Көшбасшылық және басқару бойынша «Жаңашыл ұстаз» жобасы
«Бірлескен жоспарлау: тігінен/көлденеңінен, «Тәлімгерлік үдеріс»
Қоғамдастық және кәсіби серіктестік бағыты бойынша 1.«Мектеп-ЖОО» жобасы, «Шамшырақ» озат тәжірибе тарату , «Тағылым» серіктес мектеп жобасы, «Цифрлық мұғалім» пилоттық жобасы, «Мектеп-ата-ана консилиумы» жобалары жоспарланғанын таныстырды. Инклюзивті білім беру бағдарламасын жүзеге асыру, құндылыққа бағдарланған білім беруді іске асыру басым бағыттары бойынша да атқарылатын маңызды жобалар мен іс-шаралар ұсынылды.Қаралған барлық мәселедер талқыланып, мұғалімдердің ой-пікірлері тыңдалды.