Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «БІЛІМДІ ҰЛТ: ТЕРЕҢ БІЛІМ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ ҚАСИЕТ» тамыз конференциясы аясында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындықты оқытуда құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында жиын өтті. Сессия отырысы білім басқармасына қарасты А. Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектеп базасында ұйымдастырылды. Мақсаты: 2022-2023 оқу жылында оқу үдерісін ұймдастырудың ерекшеліктерімен таныстыру.
Міндеттері: Білім алушыға мемлекетті қорғау негіздері туралы ойының қалыптасуын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің арналуын және түрлері мен ерекшеліктерін түсіндіру, әскери қызметтің маңызын, Қазақстан Республикасының әр азаматының қасиетті парызы және міндетін оқыту
Күн тәртібінде:
— 2022-2023 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хаты;
— Білім сапасын арттыру бағытында әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру;
— ҚР ОАМ бекіткен бұйрықтары, толықтырулармен өзгерістер таныстырылып жаңа оқу жылына бірқатар тапсырмалармен жаңа идеялар ұсынылды. Тамыз кеңесіне қонақта ҚР ҚК ардагері Серік оңбаев пен Шымкент қалалық 35748 әскери бөлімі бастығының кеңесшісі Халмуратов Реймбай мырза қатысып әскери — патриоттық тәрбие бағытында бірлескен жоспар құрып жүргізуді айтып өтті. 24-25 тамыз күндері Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментімен және қалалық қорғаныс істері жөніндегі аудандар бойынша біріктірілген басқармаларымен бірлескен жоспарға сәйкес, 35748 әскери бөлім базасында практикалық 2 (екі) күндік оқу-жаттығу әдістемелік семинар өткізілді. Мақсаты: АӘжәнеТД пәнін оқытатын мұғалімдердің біліктілігін практика жүзінде сынақ алып өз тәжірибесін жетілдіру.