Каймакбаева Калида Негизбаевна қазіргі таңда №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатында физика және астрономия пәнінің мұғалімі. Аталған мектепте 16 жылдан бері жұмыс істейді.
Шәкірттерін Халықаралық, Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан, астрофизика, ғарыштық робототехника бойынша түрлі олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға баулып жүрген жаңашыл ұстаз. 16 жылда оқушыларды түрлі шығармашылық байқауларда жеткен жетістіктері «Бас жүлде-8, I дд–33, II дд-32, III дд-20, Мадақтама-21, Номинация-2, Сертификаттар-14. Ұстаз тәрбиелеген шәкірттердің халықаралық және республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, Шымкент қаламыздың мәртебесін арттыруда.
Шымкент физиктер қауымдастығының мүшесі, 2020 жылы «Тәуелсіз Қазақстанның үздік ұстаздары — 2020» Республикалық байқауында «Қазақстанның үздік ұстазы» төс белгісімен марапатталды. «Педагогикалық идеялар фестивалі» қалалық конкурсында «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды. «Үздік физика пәні мұғалімі» қалалық сырттай байқауында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды (2021ж). «Ы.Алтынсариннің оқу – ағарту саласындағы жаңашылдығы» атты мұғалімдер арасындағы республикалық ғылыми жобалар байқауында, І дәрежелі дипломмен марапатталды (2021ж). 2020жыл, Шымкент қалалық пән олимпиадасында І дәрежелі дипломмен марапатталды. “Алғыс хат” ҚР Білім және ғылым министрі А.К.Аймағанбетов. 2021ж. “Алғыс хат” ШҚББ “Шымкент қаласы Дарын орталығы” КММ Р.О.Джеренова 2020 жыл. 2015-2021жыл «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында «М.Абдилдин атындағы «Адам, Жер, Ғалам» атты Республикалық ғарыштық турниріне астрономиядан оқушыларға ғылыми жетекшілік еткені үшін «Бөбек» ҰҒПББСО-ның алғыс хатымен марапатталды. 2021ж «Оқушыларды ғылым жолындағы білімдерін арттыру мақсатында және ғылымның дамуына қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін» Білім және ғылым вице-министрі Б.А.Асылованың «Алғыс хатымен» марапатталды. Республикалық «Үздік педагог – 2021» байқауының жеңімпазы. ҚР Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсанындағы Жарлығы бойынша «Халық алғысы» медалімен марапатталды.
Каймакбаева Калида Негизбаевнаның «Ақпараттық технологияларды жүйелеп физиканы оқыту әдістемесі», «7, 8 – сыныптарда физика сабағын ағылшын тілінде жоспарлау», «Мектеп курсына арналған астрономиялық есептер шығару жинағы», «Астрономиялық физика пәнінің оқу бағдарламасы» атты еңбектері әдістемелік құрал ретінде қолданылып келеді.
Шәкірттері үнемі аспанды зерттеп, аспанға қарап, жұлдыздардың орналасуын, ғарышты зерттеп жүріп аспанға ғашық болды. Бала қиялдары ұшқыш болсам деген арманмен еліміздегі Азаматтық авиация академиясында оқып, мамандықтарын осы саламен ұштастыруда.