Әліпбек Шәріпбекұлын еске алуға арналған ересектер арасындағы волейболдан ашық біріншілігі өз мәресіне жетті.
Сынға түскен командалар тарытысқа толы қызықты ойын үлгісін көрсете білді. Аталған жарыстың марапаттау рәсіміне қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы , қалалық мәслихат депутаттары Ғаппар Амантайұлы, Ғалымжан Батырханұлы, Нұрсұлтан Үмбетұлы қатысты. Қала әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы мен Ұлжан Әбенқызы қаламыздың бас имамы Мұхаммеджан Ергешбайұлы да марапаттау рәсімінде болды.
Волейболдан өткізілген жарысқа үздік ойын көрсеткен командалар жүлделі орындар мен марапаттар иеленді. Атап өтетін болсақ бірінші орын Түркістан қаласының «Тұран» командасы жеңіп алды. Екінші орынды Шымкент қаласының «Тетро» командасы иемденсе, үшінші орын Қызылорда қаласының «Жаңақорған спорт клубына» бұйырды. Жарыс барысында ерекше көзге түсіп, жақсы ойын көрсеткен ойыншылар мен командаларға да қалыс қалмай жарысқа қатысқандарына дәрежелі дипломдар табыстады.
Айта кетейік, Әліпбек Шәріпбекұлы 1961 жылы 20 тамызда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданы, Балтакөл ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1983 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген. Мамандығы бойынша – химик-технолог. Талантты басқарушы, тамаша ұйымдастырушы, әкім ретінде Түркі әлемінің мәдени астанасы – Түркістанның жаңаша кейіпке енуіне, Ордабасы ауданының екінші тынысының ашылуына өлшеусіз үлесін қосқан. Әсіресе, ол кісінің 2017 жылы «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымы аясында Түркістан каласын «Түркі әлемінің мәдени астанасы» деп жариялап, осы ірі жобаны абыроймен іске асыруға сіңірген еңбегін айта кету керек. Қоғамға сіңірген еңбегі үшін Әліпбек Өсербаев бірнеше мемлекеттік наградалармен марапатталды. Оның ішінде «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдары мен «Құрмет» ордені бар.