Бокстан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының сапында ел намысын әлемдік ареналарда абыроймен қорғап жүрген @shymkent_boxing_club клубының екі боксшысы Сабырхан Махмуд пен Серік Абзал 2022 жылдың тамыз айының 14-28 аралығында Алматы облысы, Бәйтерек кентінде орналасқан «Спорттық даярлау орталығы» спорттық базасында АДД бойынша оқу-жаттығу жинына қатысып, шеберліктерін шыңдап, алдағы болатын жауапты жарыстарға тыңғылықты дайындық жүргізіп жатыр.
Сабырхан Махмуд — 54 келі салмақта өнер көрсететін спортшы. ҚРЧ (2000) жүлдегері, жастар арасындағы Азия чемпионатының үшдүркін жеңімпазы (2016.2018.2019). Төлеби ауданына қарасты Маятас ауылында дүниеге келген. 2012 жылы аталмыш ауылда жаңа мектеп салынады. Сонда бокс үйірмесі ашылды. Оған дейін ауылда спорт үйірмелері болмаған еді. Сабақтан соң, сенделіп жүрген балаларға спортпен шұғылдануға үлкен мүмкіндік туды. Бүгінгі жаттықтырушысы Ильяс Оралбеков сол жерге келіп, үйірмеге балаларды шақырады. Содан бастап Сабырхан Махмуд боксты серік еткен. Бокс үйірмесінде жылға жуық жаттыққаннан соң аудандық жарыстарда топ жара бастаған боксшы Республикалық жарыстардан жеңімпаз атанып келеді. орта международного
Серік Абзал – 63,5 келі салмақта өнер көрсететін спортшы. 2021 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы.
20-27 ақпанда Софии (Болгария) өткен «Страндж Мемориалы» жарысында өнер қазақстанның командасында өнер көрсетіп, қолаға қол жеткізген. Айта кетейік, «Страндж мемориалы» 1950 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді және Еуропа құрлығындағы ең көне Халықаралық әуесқой бокс турнирлерінің бірі болып табылады. «Странджа мемориалы» «кіші әлем чемпионаты»деп те аталады.
Әйелдер арасында жарыс ең төменгі (48 кг) бастап ауыр (+81 кг) дейін 12 салмақ санатында өткізілді. Ерлер 13 салмақ дәрежесінде мықтыларды анықтады: 48 кг-нан +92 кг-ға дейін.