29 тамыздан бастап 400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік грантқа өтінімдер қабылдана бастайды.
Өтінімдер «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады.Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады.
Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.
Өтінім беру үшін қажет:
Порталда тіркелу;
грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу (өз бетінше бизнес-план жарамайды);
өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.
Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтінім беруге болады.
Мемлекеттік грант алуға үміткер бола алады:
✓тіркелген жұмыссыздар;
✓29 жасқа толмаған,3 жылдан кем дара кәсіпкер ретінде тіркелген немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;
Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:
еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;
өңіраралық қоныс аударушылар
атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар;
мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);
асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;
-жастар (29 жасқа дейін).
Сонымен қатар, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.
Ескерту: өтінімдер 29 тамыздан 9 -шы қыркүйекке дейін қабылданады.(сенбі-жексенбі,яғни 3-4 қыркүйек күндерін қоспағанда).
Алайда, белгіленген 616 азаматтан өтініш келіп түскен жағдайда өтінімдерді қабылдау тоқтатылатынын назарларыңызға саламыз.