Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынды қоғамдық кеңес төрайымы Күлия Айдарбекова жүргізді.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды.
1.«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты қалалық сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасыдағы индикаторлардың орындалуы;
- Шымкент қаласында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған реформаларды жүзеге асыру барысы және ішкі саясат саласындағы өзекті мәселелер.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси реформалар және еліміздің даму бағыттары айқындалған.
Осы реформаларды жүзеге асыру барысы және партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының ағымдағы жылдың 7 айында орындалуы туралы Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Мөлдір Кеуенова баяндама жасады.
Басқосуға қатысушылар тарапынан аталмыш басқарма басшысына көптеген өзекті сауалдар қордаланған. «Қазақтану» жобасының жұмысына қатысты бірқатар сын-ескертпелер де айтылды. Сондай-ақ кеңес мүшелері жоғары оқу орынының студенттеріне арналған жатақхана салу жұмысы да баяу іске асып жатқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар жұмыссыз жастардың тұрақты жұмыспен қамту көрсеткіші төмен екені де талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың есебін қайта қарауға қалдыру туралы ұсынысты кеңес мүшелері бірауыздан мақұлдады. Келесі мәжіліске басқарма басшысының өзі келіп, есеп беруі керегін жеткіздім.