on7news.kz
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
on7news.kz
No Result
View All Result
Home Заң

Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің әскери қызметі және тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу туралы

1 августа, 2022
in Заң
0
Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің әскери қызметі және тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу туралы
0
SHARES
192
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2022 жылдың 15 сәуірінде Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Өзгерістер әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің әлеуметтік пакетін жақсартуға, олқылықтар мен қайшылықтар орын алған әскери қызмет мәселелерін реттеуге бағытталған.

Өзгерістер: «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңдарға енгізілді.

Нақтырақ айтқанда, әскери қызметші қаза тапқан жағдайда, оның ішінде Қарулы Күштердің қатарынан шығарылғаннан кейін де тұрғын үйді жекешелендірудің іске асырылмаған құқығын отбасы мүшелеріне беру құқығы мәселесіне түзетулер енгізілді.

Сондай-ақ қалдық құны бойынша немесе өтеусіз қызметтік тұрғын үйді жекешелендіру. Сонымен, 10 жылдан аса еңбек өтілі бар әскери қызметші қалдық құны бойынша, ал мүгедек – бала тәрбиелеп отырған әскери қызметші 10 жылдан аса еңбек өтілімен қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіре алады.

Қызметтік тұрғын үймен қосарлы қамтамасыз ету алынып тасталды. Тұрғын үй алу құқығын бір рет пайдаланған әскери қызметші басқа елді-мекенге көшкен кезде, оған қызметтік тұрғын үй немесе тұрғын үйді қосалқы жалдау бойынша тұрғын үй төлемдері ұсынылады.

Алғаш рет Қарулы Күштерге, басқа әскерлер мен әскери құралымдарға арналған «модульдік (мобильді) тұрғын үй» ұғымы енгізілді. Бұл жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың аумағында орнатылатын құрастырмалы тұрғын үйлер. Оларды сатып алу әскерді қысқа мерзімде тұрғын жаймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ал геосаяси жағдай өзгерсе, олар осы үймен бірге басқа жерге шығынсыз көшіріледі. Мәселен, бүгінде шекараға 30 әскери қызметші келетін болса, онда модульдік үйлер салуға болады. Қызмет орны ауыстырылған жағдайда, осы үймен бірге көшуге рұқсат беріледі.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға толықтыру енгізілді, оған сәйкес, егер қызметтен босатылған күннен бастап жұмысқа қайта қабылданған күнге дейін 3 ай өтпесе және сол уақытта оның еңбек қатынасы болмаса, әскери қызмет үздіксіз деп танылады.

Заңға енгізілген өзгерістер әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттерін кеңейтуді, қызметтен босатылған сәттен бастап үш айға дейінгі мерзімде және әскери қызметке келісімшарт бойынша қайта қабылданғанға дейін әскери қызметтің үздіксіздігін белгілеуді көздейді.

Өзгерістер мен толықтырулар аттестаттау кезінде полиграфологиялық зерттеу жүргізудің мәселелерін қамтиды.

Құжатта абайсызда келтірілген залал үшін материалдық жауапкершіліктің шегі сараланған. Сондай-ақ, әскери қызметшілердің қасақана зиян келтіргені үшін толық материалдық жауапкершілігі сақталады.

Әскери қызметке кірудің шекті жасы 30 жастан 32 жас 6 айға дейін ұлғайтылды. Ал мемекеттік органның бірінші басшысының шешімімен әскери қызметтің мерзімі 5 жылға дейін ұзартылуы мүмкін.

Неліктен зейнетке шыққаннан соң тағы 5 жылға ұзартылады? Мәселен, әскери қызметші зейнеткерлік жасқа толса да, жақсы маман, өз жұмысын мінсіз атқарады. Ал артта келе жатқан жас ұрпақ оған әлі жеткен жоқ. Бұған дейін әскери жоғары оқу орындарының оқытушылары да шекті жасын ұзарта алатын. Сондай-ақ әскери кемелердің ұшқыштарына да бұрын рұқсат етілетін, себебі олар шағын құрылымның мамандары болып табылатын. Ал енді Заңға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, бірінші басшы өтініш жазып, зейнеткерлік жасын ұзарта алады, атап айтқанда, бұрын генерал-майор 60 жаста зейеткерлікке шыққан болса, қолданыстағы жаңа заң бойынша ол тағы 5 жыл қызметін атқара алады.

Осылайша, Заңдарға тиісті түзетулер енгізу оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеліп соғады.

А. Ақтілеу

Шымкент гарнизоны

әскери прокуратурасының прокуроры

әділет аға лейтенанты                                                                                

 

Tags: 3 мегаполисшымкентҚарулы Күштерәскери прокуратура
Previous Post

Шымкент : Асар-2 елді мекеніндегі ауыз су құрылысы жалғасып жатыр

Next Post

Шымкент : ӘІО-да 8 үй осы жылы пайдалануға беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        On7news.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде on7news.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



old.on7news.kz сайт ескі нұсқасы

        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 04.03.2020 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № KZ68VPY00020921 Электронды почта: on7news.kz@mail.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі