Шымкентте 84 034 зейнеткер тұрады, оның ішінде ҰОС ардагерлері – 7 , тыл еңбеккерлері – 2 514 . Ал, көп балалы аналар саны – 55 814 , оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар – 11 224 құрап отыр.
Қалалық маслихаттың шешіміне сәйкес, биылғы жылы зейнет жасындағы азаматтарды санаторлық-емдеумен қамтамасыз ету мақсатында 9 238 ардагерлер мен зейнеткерлерді 3 санаторлық-емдеу (Ақсу-Жабағылы, Денсаулық, Айша бибі, Арыс) курорттарымен келісім шарттар түзіліп, қазіргі уақытқа дейін сегіз мыңнан аса өтініш қабылданып, 736 зейнеткерге санаторлық-емдеу курорттарына жолдама берілді.
Сонымен қатар, 2500 ардагер 1 және 2-і жартыжылдыққа тегін басылымдарға («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента», «Айқын» газеттер, «Ардақты ардагер» журналы) жазылды.
Шымкент қаласы бойынша зейнеткерлер саны – 84 034 (2021 ж. – 83 217), оның ішінде ҰОС ардагерлер саны – 7 , тыл еңбеккерлері – 2 514 .
Көп балалы аналар саны – 55 814 , оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар – 11 224 .
Айта кетсек, 2022 жылы жоғарыда аталған азаматтарға мереке мен атаулы күндерге арналған бір реттік және ай сайынғы көмек көрсетіледі.2022 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген 11 988 отбасыға (59 051 адам) тағайындалып, атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. 2022 жылдың 2 тоқсан екі айының қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген 8359 отбасыға (40 694 адам) тағайындалды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1-6 жас аралығындағы балаларына 2022 жылға кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен орта есеппен 45 673 баланы қамтамасыз ету жоспарланған.