Шымкент қаласы Бозарық-3 шағын ауданындағы Шымкент қаласының ауыр атлетикадан олимпиадалық резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің жанынан қосымша тағы спорт мектебі салынуда. Қала әкімі Мұрат Әйтенов бүгін аталған ғимараттың құрылыс алаңында болды.
Аумағы — 0,3200 га. Жобаға сәйкес — нысанда бір ауысымда 10-нан 23 жас аралығындағы 100 оқушы жаттыға алады. Бірінші қабатта — ауыр атлетика залы (олимпиадалық штанга 190кг. 180 кг., тренажерлер), киім ауыстыру бөлмелері, жуынатын бөлмелер (ерлер — 64 орын, әйелдер — 36 орын), тренерлер бөлмесі, 16 орынға арналған асхана, медпункт, жұмысшылар мен қызметшілер бөлмелері болады. Ал, екінші қабатта — әмбебап спортзал (күрес, греко-рим күресі кілемдері, дзюдо татамиі, бокс рингі), жұмысшылар мен қызметшілер бөлмелері, жуыну және киім ауыстыру бөлмелері қарастырылған. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады.
Қалада жалпы алғанда 71 спорт түрін дамыту жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде 37 — олимпиадалық, 34 — олимпиадалық емес спорт түрі. 2022 жылдың алты айында қала спортшылары Қазақстан республикасының чемпионттары мен біріншіліктерінде спорттың 71 түрінен 416 — алтын, 372 — күміс, 398 — қола медаль жеңіп алды. Қалада жалпы алғанда 71 спорт түрін дамыту жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде 37 — олимпиадалық, 34 — олимпиадалық емес спорт түрі. 2022 жылдың алты айында қала спортшылары Қазақстан республикасының чемпионттары мен біріншіліктерінде спорттың 71 түрінен 416 — алтын, 372 — күміс, 398 — қола медаль жеңіп алды. Сонымен қоса, жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттарында 39 — алтын, 18 — күміс және 24 — қола медальге ие болды. Ал, Әлем чемпионаттарында 28 — алтын, 15 — күміс, 8 — қола еншіледі. 2022 жылы жан басына шаққанда қаржыландыру жобасының мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыруға жергілікті бюджеттен 2 323,0 миллион теңге қаржы бағытталып, спорттық секцияға 4-пен 18 жас аралығындағы балалардың жалпы санының 16%-ын қамту жоспарланған болатын.