on7news.kz
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
on7news.kz
No Result
View All Result
Home Руханият

Достық пен татулықты дәріптеген шеру Шымкентке жетті

12 июля, 2022
in Руханият
0
Достық пен татулықты дәріптеген шеру Шымкентке жетті
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Еліміздің «Бейбітшілік және келісім» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «ЕУРОПА-АЗИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ШЕРУІ» Шымкент қаласына жетті. Достық пен татулықты, бейбітшілік пен келісімді дәріптеген іс-шара Ордабасы алаңынан басталып, Абай саябағында жалғасты. Топ жетекшісі Руслан Абдуллин Шымкент қаласы зор қошеметпен қарсы алғанын атап өтіп, шаhардың одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестігін жеткізді. Іс-шара Шымкент қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының концертіне ұласты.

Халықаралық бейбітшілік пен келісім шеруі 1 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласынан басталды. Бүгінгі дейін Қарағанды, Алматы, Бішкек, Тараз қаласында болды. Топ мүшелері ұлтына, дініне қарамай, адамдарды бірлік, ынтымаққа шақыруды мақсат еткен. Шеру Шымкенттен әрі қарай Түркістан қаласына аттанады. Келешекте Еуропа қалаларын аралау жоспары бар.

Бағыт 18 елдің аумағын қамтымақ. Делегация 3 шілдеде жолға шыққан. Алғашқы бағыт 4 елдің аумағында өтеді: Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Грузия. Келесі бөлігі АҚШ аумағын қамтиды, үшіншісі Алматыда басталып, Джаганапурада аяқталады. Биыл Бейбітшілік және келісім маршы 16 рет өтеді. Онда әр елдің ту шеруі жоспарланған және дінаралық диалогтың жаңа тұжырымдамасы ұсынылады. Қазақстаннан 30 адам шеруге қатысады деп жоспарланған.

– Біз әр қалада келісім бойынша 10 мың адам осы халықтық мерекеге қатысады деп ойлаймыз. Ақпараттық іс-шараны бастап та кеттік. Сондай-ақ достық керуенін дайындаймыз. Бейбітшілік пен келісім керуеніне әр қаладан өз автокөлігімен жүретін кез келген адам қатыса алады. Бұл ұлттар арасындағы берік қатынасты көрсетеді деп сенемін – дейді халықаралық бейбітшілік және келісім марштарының атқарушы директоры Руслан Абдуллин.

Айта кету керек, халықаралық шерудің бірінші кезеңі 4 тамызға дейін жалғасады. Ал екінші кезеңі Еуропа, Азия елдерінің 18 мемлекетін қамтитын болады.

Tags: "Бейбітшілік және келісім"3 мегаполисшымкентәлеумет
Previous Post

Шыңғыс Мұқан жас қаламгерлермен кездесті

Next Post

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз-2022"конкурсына қатысуға шақырамыз

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        On7news.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде on7news.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



old.on7news.kz сайт ескі нұсқасы

        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 04.03.2020 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № KZ68VPY00020921 Электронды почта: on7news.kz@mail.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі