Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мақсатында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне бірнеше өзгерістер енгізілді.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін барлық азаматтық хал актілерді тіркеуге электронды түрде ЭЦҚ(электронды цифрлы қолтаңба) арқылы Үкімет порталының «Egov.kz» сайты арқылы өтініш жіберуге мүмкіндік қарастырылған.
Демек, барлық азаматтық хал актілерін тіркеу үшін электронды өтініш беріледі.
Сондай-ақ, сот шешімі негізінде неке бұзуды тіркеу процедурасы автоматтандырылды. Яғни, соттың күшіне енген шешімі «АХАТ» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне түсіп, неке қию туралы акт жазбасына неке бұзылған жөнінде белгі қойылады. Белгі соғылғаннан кейін, неке бұзу туралы куәлігі берілмейді.
Жоғарыдағы аталған өзгерістер қызметтің көрсету мерзімін қысқартуға және материалды шығынды азайтуға, сондай-ақ цифрлы форматқа өтуіне ықпал жасау үшін.
Кодекстің 268 бабына сәйкес, қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін негіз:
1) медициналық ұйым берген, қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат;
2) қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негіз болып табылады.
Осы бапта көзделген қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер акт жазбаларын мемлекеттік тіркеуге арналған ақпараттық жүйеге электрондық түрде келіп түседі.
Егер мәлімдеме беруге уәкілеттік берілген адамдар медициналық ұйым белгіленген нысандағы құжатты берген немесе соттың қайтыс болу фактісін анықтау немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш бермесе, онда тіркеуші орган акт жазбаларын мемлекеттік тіркеуге арналған ақпараттық жүйеге келіп түскен қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу негізіне сәйкес, қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы жазбаны өз бетінше жүргіз.Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 2020 жылдың 12 қазанынан бастап қайтыс болуды тіркеуге қатысты қызметтерді көрсетудің оңтайландырылған үрдісі пилоттық режимде іске қосылды.
Пилоттық жобаның жүргізілу кезеңіне қайтыс болған адамды жерлеу, жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақыны төлеу, қайтыс болған адамның зейнетақы жарналарын алу, мұраны ресімдеу және басқа да қызмет түрлерін көрсету кезінде, азаматтардың өлімі туралы, перинаталдық өлімі туралы медициналық куәліктерді, қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді міндетті түрде ұсыну талабы алынып тасталды. Бұл ретте, қайтыс болған адамдар туралы мәліметтер ақпараттық жүйелердің интеграциясы арқылы не қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы электрондық хабарламаларды «электрондық үкімет» порталында тексеру арқылы алынуы қажет.
Яғни, пилоттық режимде мемлекеттік тіркелгенде қайтыс болу туралы куәлігі берілмейді.
Кадирова Асель
Шымкент қаласы әділет департаментінің бас маманы