Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында XII «ИННОПРОМ-2022» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі басталды. Индустрияландыру саласының басты өнеркәсіптік көрмесі шілде айының 4-7 аралығында өтеді.
Қазақстандық экспозиция алаңына химия және фармацевтика өнеркәсібі, түсті және қара металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы мен жеңіл өнеркәсіп салаларынан 200-ден астам компания орналасты. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Елімізден барған компаниялардың ішінде Шымкент қаласынан «Бал Текстиль» ЖШС, «ЭКОФАРМ Интернэшнл» «Mega SMART» ЖШС, «Стандарт цемент» ЖШС, «ЕвроКристалл» ЖШС, «Marai E7 Group» ЖШС, «QazAlPack» ЖШС, «LUX SHOES», «AGF Group» ЖШС, «Р.A.M.-1» ЖШС, «Заря» ЖК сынды 11 компания қатысып, өз өнімдерін ұсынып отыр.
Көрмеге әлемнің 30-ға жуық елінен делегаттар қатысуда. Аталған көрменің басты серіктесі ретінде Қазақстан Республикасы таңдалған.
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов бастаған қазақстандық делегация құрамында Премьер-министр Кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ермек Көшербаев, сондай-ақ жергілікті әкімдіктер мен ұлттық компаниялардың өкілдері бар.
1600 шаршы метрді құрайтын қазақстандық экспозиция алаңына химия және фармацевтика өнеркәсібі, түсті және қара металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы және жеңіл өнеркәсіп салаларынан 200-ден астам компания орналасты.Сонымен қатар, министр Қазақстан әрдайым Одақ шеңберінде өнеркәсіптік кооперация мен экономикалық интеграцияны дамытуға бағытталған шараларды қолдайтындығын атап өтті.